Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамдары Әсет Жарылғасын мен Нұрлан Сейдағалиевтер барлық жамағатты спортпен шұғылдануға шақырып қана қоймайды, өздері де үлгі-өнеге көрсетуде.
Шаһардағы құрылыс колледжінің ұжымы көп жылдан бері жамағат арасында волейбол ойынын өткізу үшін спортзалдарын ұсынып келеді. Әр екі ай сайын Қостанай қаласы мен оған жақын жерде орналасқан қалалар мен ауылдар мешіттері арасында турнир ұйымдастыруда. Ойындарға жауапты – Әсет Жарылғасын.
«Жайлаубай ата» қалалық мешітінің наиб имамы Нұрлан Сейдағалиев екінші жыл қатарынан бразилиялық джиу-джитсу спортымен айналыса отырып, дүйім жұртты осынау күрделі спорт түрімен шұғылдануға шақыруда. Қостанай шаһарының жамағаты «Qazaq Batyry» бразилиялық джиу-джитсу академиясында жаттығуда әрі олардың белгілі дәрежеде жетістіктері де баршылық.
Сонымен қатар жұртшылық өз балаларын да секцияға қатыстыруда. Қазіргі таңда академияда 15 адам спортпен шұғылданады құрайды. Онда халықаралық деңгейдегі екі бапкер қатысушыларды жаттықтыруда.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
13.03.2021
3047
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру