Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Ауруханаға қайырымдылық жасалды

Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 13.03.2021 2663 0 пікір
Маңғыстау: Ауруханаға қайырымдылық жасалды

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы «Шаңырақ» қалалық мешітінің бас имамы Мырза Мұхаммадюсуфұлының ұйытқы болуымен Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханаға қайырымдылық жасалды.

Сауапты шараға сондай-ақ құлшылық үйінің жанынан ашылған «Иманды жастар» тобы, «Игі істер» қоғамдық қорының еріктілерінің қолдау көрсетті. 

Мырза Мұхаммадюсуфұлы бастаған дін қызметкерлері мен еріктілер, аталған ауруханада ем алып жатқан науқастар және оларға қызмет көрсетіп жатқан дәрігерлерге азық-түлік себеттері мен бірнеше қорап жеміс-жидек таратты.

Өз кезегінде, аурухана басшысы Серік Еламанұлы бастаған медицина қызметкерлері имамдарға алғыс білдірсе, ем-дом алып жатқан қариялар рахметін айтып, бата берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру