Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан қаласының бас имамы тағайындалды

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 13.03.2021 3445 0 пікір
Түркістан қаласының бас имамы тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Түркістан қаласының бас имамы болып Ұлықбек Әлиакбарұлы тағайындалды.

Бұл орынға ол Бәйдібек ауданынан ауыстырылды. Қала имамдары мен жамағатқа жаңа имам таныстырылды.

Ұлықбек Әлиакбарұлы – жоғары білімді әрі білікті кадр. Әр жылдары мешітте де, мемлекеттік қызметте де еңбек еткен тәжірибелі имам. Дінтанушы-теолог, 5 тілді жетік меңгерген. Отбасылы.

Бұрын Түркістан қаласындағы «Ықылас» және «Нәзір Төреқұлов» мешіттерінде қызмет еткен оны жергілікті жамағат жылы қарсы алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру