Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Тігін курсының түлектеріне сертификат табысталды

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 13.03.2021 2883 0 пікір
Алматы: Тігін курсының түлектеріне сертификат табысталды

Алматы Орталық мешіті жанынан құрылған тігін курсына қатысып, шеберлігін шыңдаған 12 түлекке сертификат пен қайырымдылық есебінде азық-түлік себеті табысталды.        

Марапаттау жиынына арнайы қатысқан Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай тігін курсының ақпан айындағы түлектеріне адал кәсіптің дініміздегі орны туралы айтып, өз қолымен сертификат табыс етті.

Сонымен қатар бас имам түлектерді еңбекқорлыққа, ісмерлік өнерге баулып, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында сауапты істерде белсенділік танытып жүрген тігін курсының жетекшісі Ләззат Бейсенбинаға және қайырымдылық бағытының жауапты маманы, Алматы орталық мешітінің наиб имамы Мадияр Пірімқұловқа алғыс білдірді. 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру