Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Бас имам – Лисаков қаласында

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 12.03.2021 3032 0 пікір
Қостанай: Бас имам – Лисаков қаласында

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы арнайы іссапармен Лисаков қаласында болды.

Алдымен бас имам қала әкімі Алмат Ерікұлымен кездесіп, өңірдегі діни ахуал туралы сөйлесті. Қала басшысы Бахытбек Нұрғабылұлына өзінің дінге деген ізгі көзқарасын білдірді.

Бұл күндері Қостанай облысы санитарлық талаптар бойынша «Жасыл аймаққа» көшкені белгілі. Соған байланысты бас имам Лисаков қалалық «Әбдіхайым Саламатұлы» мешітінің имамы Сабыржан Зейнелғабиденұлына тазалықты жете қадағалап, ғибадат үйіне келушілердің арақашықтықты қатаң сақтауын тапсырды.

Осы сапар барысында Қостанай облысының бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдаған маңызды құжаттардың бірі «Ас беру мәдениеті» жөнінде әңгімелеп, мешіттің алқамүшелері мен жамағатын тың мағлұматтардан хабардар етті.

Сондай-ақ, мешітте  ұзақ жылдар есепші болып қызмет атқарып, құрметті демалысқа шыққан ардақты ана Қымбат Досмухамбетоваға «Алғыс хат» тапсырып, иығына зерлі шапан жапты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру