ҚМДБ Талдықорған өңірінің орталық «Иман» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұстаздары мен мешіттің қызметші әйел-аналарына құрмет көрсетілді.
«Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін аналар қашанда кез келген құрмет пен мадаққа лайықты» деген бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы құттықтау сөз сөйлеп, бір топ ұстаздар мен аналарымыздың ерен еңбектерін елеп, өз атынан алғыс хат пен сыйлықтар табыс етті.
Шараның мақсаты – өңір бойынша әйел ұстаздардың еңбегін ескеріп, оларға жаңаша серпін беру, Діни басқарма тарапынан қабылданған құжаттардың әйел жамағатына дұрыс дәріптелуін түсіндіру.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті
taglym.kz
12.03.2021
2704
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру