Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңірі бойынша бас имамы Асқар Мұқановтың қатысуымен Аягөз ауданы имамдарының кеңейтілген жиыны өтті.
Жиын барысында «Дін қызметкері әдебі» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, бас имам Асқар Әбітайұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен «Жеті рухани қазық», «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат ету мәдениеті», «Зияткер имам» құжаттары жайында баяндады. Сонымен қатар «Жеті рухани қазық» тұғырнамасының мұсылманның бойындағы адами қасиет пен әдептілік, сыйластық сияқты ізгі сипаттарды қалыптастыру және ұлағатты ұрпақты тәрбиелеу жөнінде ғибратты насихат айтылды.
Бас қосу жиынында Асқар Әбітайұлы аудан имамдарына ас берудегі ысырапшылдықты тыю, ас беру, жерлеу рәсімлерін бірізділікке келтіру мен зиарат жасау мәселелері, зияткер имамның заман талабына сай жан-жақты болуына тоқталды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
alashdin.kz
11.03.2021
3002
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру