ҚМДБ тарапынан бекітілген жеті жұмыс бағытының ішінде жат діни ағым өкілдерімен жұмыс ерекше маңызға ие. Осы орайда Теміртау орталық мешітінде алқалы жиын өтті.
Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының төрағалығымен өткен жиналысқа жергілікті мешіттердің имамдары, ұстаздары, азаншылары және өзге де қызметкерлері қатысты.
Бас имам дін қызметкерлеріне дәстүрлі емес діни ағым өкілдерімен жұмыс жүргізудің өзекті мәселе екендігін айта келе:
«Біріншіден, мешіттерімізге келетін жат діни ағым өкілдерімен сұхбат арқылы дәстүрлі ханафи мәзһабының құндылықтарын жеткізуге тырысуымыз керек. Сондай-ақ, жамағат арасындағы ынтымақтастықты арттыру мен өзара салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау мақсатында түрлі спорттық іс-шараларды ұйымдастыруымыз қажет. Екіншіден, түзету мекемелеріндегі жеке және топтық түсіндірме жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуі тиіс» деді.
Бұдан бөлек, Естай Айтуғанұлы осы бағытта алдағы уақытта атқарылуы тиісті жұмыстарға байланысты бірқатар тапсырмалар берді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
11.03.2021
2902
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру