Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теміртау имамдары ақпараттық бағытқа басымдық бермек

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 10.03.2021 2650 0 пікір
Теміртау имамдары ақпараттық бағытқа басымдық бермек

Заманауи технологиялардың дамуы, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі пандемия жағдайында ҚМДБ тарапынан ақпараттық және қоғаммен байланыс бағытына ерекше көңіл бөлінуде. Осы мәселеге орай Теміртау имамдары бас қосып, ойларымен бөлісті.

​Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының төрағалығымен өткен жиналысқа жергілікті мешіттердің имамдары, ұстаздары, азаншылары және өзге де қызметкерлері қатысты.

​Естай Айтуғанұлы дін қызметкерлерін «Facebook», «Instagram» және т.б. әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде белсенді болуға шақырып, «Хикмет ТВ» студиясы мен «Muftyat.kz» сайтында шығып жатқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының, ҚМДБ-ның бөлім меңгерушілерінің, өңірлердің бас имамдарының, білікті ұстаздар мен РАНТ мүшелерінің онлайн дәрістерін кеңінен насихатталуына және жергілікті жамағатқа жеткізуге үлес қосу мәселелеріне назар аударуды тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру