ҚМДБ-ның маңызды бағыттарының бірі – білікті де білімді мамандарды мешіт қызметіне тарту. Әсіресе жаңадан ашылған мешіттерді кадрлармен қамту мәселесін Павлодар облысы өкілдігі де әркез басты назарда ұстап келеді.
Осыған орай облыс бас имамы Бертымұратов Жолдас «Шымкент» және «Астана» медресе-колледждерінің шәкірттерімен онлайн кездесу ұйымдастырды. «Шымкент» медресе-колледжінің шәкірттерінің ұлдар және қыздар құрамы жеке-жеке онлайн кездесуге қатысты.
Бас имам оларға Павлодар облысының жалпы сипаттамасы, облыстағы діни ахуал, мешіттер жайы, ондағы қызметтік бос орындар (ваканция), жаңадан салынған және салынып жатқан мешіттер туралы таныстырып, қызметке келгенде жасалатын әлеуметтік мүмкіндіктер туралы түсіндірді.
Облыс мешіттерін білімді де білікті жас кадрлармен қамту мақсатында алда «Нұр-Мүбарак» университеті және басқа да медреселермен онлайн кездесу ұйымдастырамыз дейді бас имам Жолдас Қоспақұлы.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
mazhab.kz
10.03.2021
3355
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру