ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен БҚО Тасқала ауданының бас имамы қызметіне Құлтөре Нәжминдинов тағайындалды.
Ресми іс-шараға Орал орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы арнайы барып, жамағатпен жаңа аудан имамын таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Орал медресесінің түлегі Құлтөре Нәжминдинов 2013-2016 жылдар аралығында Тасқала аудандық мешітінің наиб имамы болып жұмыс істеген. 2016-2019 жылдары аралығында «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам университетінде «Исламтанушы» мамандығы бойынша білім алған.
Ал бұл уақытқа дейін бірнеше жыл ауданның бас имамы болып еңбек еткен Айдын Ибрашев «Тасқала» аудандық мешітінде наиб имам болып қызметін жалғастырмақ. Сондай-ақ оның қызметіне алғыс білдіріп, иығына шапан жапты.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
10.03.2021
3704
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру