Елімізде ҚМДБ бастамасымен Республикалық имамдар форумын өткізу дәстүрге айналды. Бұған дейін 4 рет өткен имамдар форумында 11 құжат қабылданды.
Олар – мүфтият жұмысы мен имамдардың қызметін жетілдіруге және жамағат арасында ислам құндылықтары бен ата-бабамыз ұстанған салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған концептуалды құжаттар. Атап айтқанда, «Қазақстан мұсылмандары тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», ҚМДБ қызметкерінің этикасы, «Жеті рухани қазық»: «Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы», «ҚМДБ атқаратын қызметтер», «Діни қызметкерлердің лауазымдық міндеттері», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі», «Ас беру мәдениеті», сондай-ақ «Зират және зиярат мәдениеті», «Зияткер имам тұжырымдамасы».
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы аталмыш құжаттармен әуелі имамдар танысып, кейін жамағатқа таныстыруды тапсырған болатын.
Осыған орай, әрбір имамға қолайлы болу үшін осы құжаттардың қазақ-орыс тілдеріндегі топтамасы мүфтият бастамасымен «ҚМДБ концептуалды құжаттары» атты кітап болып шығарылды. Осы кітапты Ақтөбе облысына оқыту семинарына келген ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы дәріс барысында имамдарға таныстырып, аталмыш құжаттар бойынша халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін тілге тиек етті. Өз кезегінде Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан болашақ діни кадр даярлайтын «Ақтөбе» медресе-колледжіне құжаттың 30 данасын табыстап, 3 курста оқитын студенттерге факультативтік пән ретінде оқытуды медресе басшылығына тапсырды.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
10.03.2021
3664
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру