Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елордада үстел теннисінен жарыс өтті

Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі sunna.kz 10.03.2021 3407 0 пікір
Елордада үстел теннисінен жарыс өтті

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігінің бастамасы және «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұйымдастыруымен дін қызметкерлері арасында тұңғыш рет үстел теннисінен жарыс өтті.

Спорт жарысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және елордалық мешіт, медресе қызметкерлері қатысты. Тұңғыш рет ұйымдастырылса да сайыс өте тартысты, қызықты өтті.

Жарыс нәтижесінде І орынды «Раиса Ана» мешітінің наиб имамы Елімай Ұтысхан жеңіп алса, ІІ орынды аталмыш мешіттің қызметкері Аманкелді Жасұлан, ал ІІІ орынды ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов иеленді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру