Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Футбол турнирі өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 09.03.2021 3014 0 пікір
Қызылорда: Футбол турнирі өтті

ҚМДБ Қызылорда облысы өкілдігі Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен кіші футболдан қалалық турнир өтті.

Шараның мақсаты – жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бірлігін арттыру. «Ынтымағы жарасқан жамағат» ұранымен өткен жарысқа қала мешіттерінің жамағатынан құралған 16 құрама қатысты.

Сайыс нәтижесінде «Ерназар Мақсұм», «Төлен ата» мешіттерінің жамағатынан құралған командалар жүлделі І, ІІ орындарды қанжығаға байласа, «Ыбырайым молда» мен «Қарауылтөбе» құрамалары тең түсіп, ІІІ орынды иеленді.

Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталып, қалған қатысушы топтар алғыс хаттармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру