ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының Өскемен аймағы өкілдігінің бастамасымен ерекше қайырымдылық жасалды.
Қыстың қолайсыз ауа райына қарамай далада жұмыс істеп жүрген жұмысшыларға түскі ас таратылды.
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының Өскемен аймағы өкілдігінің жетекшісі Берік Кәдірұлы: «Осындай суыққа қарамай еңбек етіп жүрген 40-тан астам жұмысшыға тегін ыстық ас тараттық. Далада суықта жұмыс істеу ерекше қажыр-қайратты талап етеді. Дінімізде ел мұраты үшін жасалған істе зор сауап бары айтылған. Бұл шара жүйелі түрде жалғасады» деп атап өтті.
Айта кетейік, қайырымдылық шарасына Өскемендегі «Мейман» мейрамханасы қолдау көрсетті.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Өскемен аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі
09.03.2021
2869
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру