ҚМДБ Қызылорда облысы өкілдігі Әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған «Рухани тәрбие – отбасы бірлігінің бастауы» тақырыбында рухани кездесу өтті.
Іс-шарада сектор жетекшісі Л.Сыдықова отбасы институтында Ихсан ілімінің алатын орнына тоқталып, дін мен дәстүрге негізделген рухани тәрбие жайлы түсіндірді.
Сонымен қатар ақ жаулықты әжелер, бойжеткен қыздар мен жас келіндерге өнегелі өмірінен ғибратты мысал келтіріп, шаңырақ шаттығын сақтаудағы әйелдің атқарар рөлі мен ана сүті арқылы баланың көркем мінез-құлқын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
08.03.2021
4326
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру