Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Көпбалалы аналарға құрмет

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 08.03.2021 3653 0 пікір
Қостанай: Көпбалалы аналарға құрмет

Діни басқарманың бастамасымен елімізде «Көшпелі қайырымдылық керуені» акциясы қолға алынғаны белгілі. Аталған шара Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде жалғасын тапты.

Мешітте он адамға қайырымдылық көмек көрсетіліп, 100 мың теңге көлеміндегі күнделікті тұтынатын заттар, азық-түліктер табысталды. Қамқорлыққа бөленген жандар қатарында «Алтын алқа» таққан екі батыр ана болды. Аяулы жандарға гүл шоқтары ұсынылды. Бұл 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында көп бала тәрбиелеген асыл аналарға көрсетілген құрмет екені даусыз. Олар жайылған дастарқаннан дәм татып,  мешіт қызметкерлері мен демеушілерге шынайы алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру