Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көкшетау: Бас имам Қарттар үйінде болды

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 08.03.2021 3611 0 пікір
Көкшетау: Бас имам Қарттар үйінде болды

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит өңірлерге сапар шегіп, қайырымдылық шараларын өткізді.

Бас имам Целиноград ауданына қарасты Аққайың ауылындағы «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы тағдырдың тәлкегімен өмір сүріп жатқан адамдармен кездесіп, әңгімелесті.

Мекеме директоры Сәкен Әйткенұлының айтуынша, мұнда бүгінде 143 адам әлеуметтік қызмет алады екен. Оның 54-і – әйелдер. Мемлекеттің қолдауындағы мекемеге ұдайы назар аударылады. Мешіт те осы мақсатта қайырымдылық шарасын өткізді. Барша нәзік жандыларға сыйлықтар үлестірді.

Бас имам жиналғандар алдында сөз сөйлеп, ізгілік пен мейірімділік тақырыбына уағыз-насихат айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру