ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде өткен жиынға қатысты.
Іс-шараға руханият және мәдениет саласының өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты. Оқу орны ғимаратынан «Парасат жолы» орталығының ашылуына орай өткен алқалы жиында Ермек Қасболатұлы сөз алып: «ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордада ашылған «Парасат жолы» орталығының жиынына қатысып, ой-пікірін білдірген болатын. Осы үрдісті жалғап, бүгінгі жиынға келіп отырмыз. ҚМДБ-ның Жеті рухани қазық атты рухани тұжырымдамасында отаншылдық, халыққа адал қызмет ету қатарлы ізгі қасиеттер бар. Исламда пара алу мен беруге қатаң тыйым салған. Қазіргі таңда имамдарымыз парақорлыққа қарсы насихат айтып, бұл іске өз үлесін қосуда» деп атап өтті.
Ермек Қасболатұлы сөзінде «Жеті рухани қазық» құжатында көрсетілген адамгершілік қағидаларына жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар адалдық, шынайы қызмет етудің маңызы туралы ғибратты насихат айтты.
Жиында қоғам қайраткерлері мен мәдениет саласының өкілдері де сөз сөйлеп, бас имамның бастамасын қолдайтынын, жемқорлыққа қарсы қоғам болып күресудің нәтижеге жететін жол екенін айтып өтті.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Өскемен аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі
07.03.2021
2243
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру