8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесін атап өту-өтпеу жайлы, әсіресе діни жамағаттар арасында сан түрлі пікірталастар елді екіұдай күйге түсірері рас. Алайда қашанда ұрпақ жалғастығының бастауы болған нәзік жандарға мемлекет тарапынан ресми мереке арнап, құрмет көрсетуі – жалпыға ортақ өнеге.
Осы орайда Нұр-Мүбарак университетінде нәзік жандарға деген құрмет әрдайым ерекше болғанына қарамастан, көктемнің алғашқы сүйінші мерекесі, халықаралық әйелдер күні апа-аналар, қыз-келіншектерге сый-құрмет көрсетілді. Университет ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат әл-Жинди: «Ислам діні адамзат тарихындағы әйел абыройын көтерді. Оның нақты дәлелі – қасиетті Құран мен хадистерде қыз баланың ана, жар ретінде құқықтарының анық көрсетілуі», – дей келе барша нәзік жандыларды мерекемен құттықтады.
Ал проректор, доцент Қайрат Құрманбаев 8 наурыздың ешқандай діни сипаты болмағанымен, халықаралық мереке екеніне тоқталып, университет дамуында әйелдер үлесінің жоғары екенін атап өтіп, алғыс білдірді. Ал білікті профессор Базар Хамзеева университет басшыларына жүрекжарды лебізін айтты.
Салтанатты жиын соңында үздік деп танылған нәзік жандарға алғыс хат табыс етілді. Ел ұйқыдан енді оянғанда университеттің тазалығына білек сыбанып кірісіп кететін шаруашылық бөліміндегі нәзік жандарға айрықша сыйақы тағайындалып және мереке иелерінің барлығына сый-сыяпат жасалды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
07.03.2021
2876
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру