ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша Жастар ісі секторының ұйымдастырумен Текелі қаласының кәсіптік колледжінде студенттермен кездесу өтті.
Колледж директоры Дәуболат Бейсембайұлы жиын қонақтарымен таныстырды. Кездесуге қатысқан Талдықорған өңірі Жастар ісі секторының меңгерушісі Ерлан Кеңесбекұлы «Білімді жастар – еліміздің болашағы» тақырыбында сөз сөйледі.
Ескелді ауданының бас имамы Ордыбай Мұхаммед жастарға зекет және діни тұрақтылық турасында сөз қозғап, толық ақпарат беріп өтті. Сөз соңында «Керімбек би» мешітінің бас имамы Аман Айтбосынұлы мәдениеттілік жайында сөз қозғады. Жастардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстар тыңдалды.
Жоспар бойынша кездесу соңында Ерлан Кеңесбекұлы мен Аман Айтбосынұлы «Шапағат» қарттар үйінің қарияларымен жүздесіп, қасиетті Мекке шаһарынан келген зәм-зәм суын сыйға тартты.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі
06.03.2021
2381
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру