«Ұлтқа қызмет – білімнен емес, мінезден» деп қазақтың тәуелсіздік жолында шейт болған ерекше тұлға, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның дүниеге келген күніне орай Семей өңірінің бас имамы Асқар Әбітайұлының ұйытқы болуымен қасиетті құранды толығымен оқып, Ұлт көсемінің атымен аталатын мешітте рухына Құран хатым дұғасы бағышталды.
Имандылық ордасына келген жамағатқа Алаш қозғалысы жетекшісінің өмір жолы мен ғибратты ғұмыры, қазақ елі үшін еткен ерең еңбегі туралы кеңінен айтылды.
Былтыр Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойы аясында шаһардың Суықбастау кентіндегі мешітке Әлихан Бөкейханның есімі берілген еді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
alashdin.kz
05.03.2021
2421
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру