Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Балалар үйіне қайырымдылық жасалды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 05.03.2021 2970 0 пікір
Маңғыстау: Балалар үйіне қайырымдылық жасалды

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы «Шаңырақ ш/а» қалалық мешітінің бас имамы Мырза Мұхаммадюсуфұлының ұйытқы болуымен құлшылық үйінің жанынан ашылған «Иманды жастар» тобы, «Игі істер» қоғамдық қоры және «Адал-Ниет» қайырымдылық тобының еріктілерінің қолдауымен «Әр жұмада бір шара» жобасы аясында «Облыстық мамандандырылған Балалар үйі» ММ-де қайырымдылық шарасы өтті.

Алла Тағалаға жақындататын үлкен әрі ізгі амалдардың бірі – жетімге қарайласу, оны жебеу. Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жетімдерге қатысты айтылған хадистері мен халқымыздың «жетім көрсең, жебей жүр» нақылын ту еткен Мырза Мұхаммадюсуфұлы бастаған дін қызметкерлері, еріктілер және мешіт жамағаты «Балалар үйіне» ас үй жиһазы мен кішкентай бүлдіршіндерге арналған 2 шай столын сыйға тартты. Бұдан бөлек, тәрбиеленушілерге арнап бірнеше қап азық-түлік пен бірнеше қорап жеміс табыс етті.

Мұндай сыйлықты күтпеген «Балалар үйінің» бас дәрігері Сару Мухамбеткалиевна қонақтарға үлкен алғыстарын айтып, ерекше мекеменің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Іс-шара соңында, мекеме ұжымы қонақтарға шай беріп, қонақ қылды.

Өз кезегінде, Мырза Мұхаммадюсуфұлы Құран аяттарын оқып, жиналған қауым тәрбиеленушілер үшін дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру