Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Текелідегі тағылымды жүздесу

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 05.03.2021 2537 0 пікір
Талдықорған: Текелідегі тағылымды жүздесу

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Ардақ Нүсіпханұлының бастамасымен Текелі қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығында зиялы қауым өкілдерімен және қоғам белсенділерімен кездесу өтті.

Жиынға қала әкімі орынбасары Серік Болысбайұлы қатысып, келген жиын қонақтарымен таныстырды. Кездесу барысында сөз алған Талдықорған қаласы Нұр мешітінің бас имамы Алмас Данағұлов ҚМДБ қабылдаған 3 құжат жайлы ақпарат беріп, ас беру мәдениеті, зират және зиярат, діни қызметкердің діни міндеттері таныстырылды.

Сондай-ақ, Ескелді ауданының бас имамы Ордабай Мұхаммед "Ихсан –Рухани ілімінің негізі" тақырыбында сөз сөйледі.

Сөз соңында Текелі қаласы «Керімбек би» мешітінің бас имамы Аман Айтбосынұлы ақсақалдарға ізгі ниет тілегін айтып, ел тыныштығын тіледі. Сұрақ-жауап алмасып, зиялы қауым өкілдерімен сұхбат жасалды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру