Құрманғазы ауданы аумағында алдағы уақытта кәсіпкерлердің демеушілік есебінен 4 мешіт салынады. Мешіттердің заманауи тұрғыда және қазақы стильде салынуына мән беріледі.
Бұл туралы Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Құрманғазы ауданының бас имамы Еламан Бегалиевты қабылдау кезінде айтты. Қазақстан мен Ресейдің қақпасы саналатын Құрманғазы ауданы орналасу географиясы жағынан да ерекше. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, жол бойында орналасқан мешіттерде жолаушылардың тегін тамақтануына жағдай жасалуы керек.
Бас имам Құрманғазы ауданы мешіттеріне жат ағыммен күресті күшейтуді тапсырды. Әлеуметтік желілерден парақшалар ашып, діни насихаттық контентті күшейту міндеттелді. Қазіргі уақытта даңқты күйші атындағы ауданда үш мешіт жұмыс істеп жатыр. Аудан орталығы және екі ауылда орналасқан мешіттерде бір бас имам, бір наиб имам, бір кезекші молда, бір әйел ұстаз және есепші қызмет етуде.
Бас имам Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, Құрманғазы ауданында қазіргі таңда жүйелі жұмыстар атқарылуда.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
amin.kz
02.03.2021
3160
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру