Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Көкпектіде ат бәйгесі өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 02.03.2021 3181 0 пікір
ШҚО: Көкпектіде ат бәйгесі өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мешіті аламан бәйге өткізді. Бәйге десе делебесі қозатын тұрғындар бұл жарыстан шет қалған жоқ.

Атбегілер аудан көлеміндегі бәйгелерге қатысып жүрген өз жүйріктерін жарысқа үкілеп қосты. Тай, құнан, жүйрік ат жарысы жеке-жеке өткізіліп, әр бәйгеге оншақты жүйрік жарысып, жалпы саны отыздан астам сәйгүлік дала төсін дүбірге бөледі. Бір сәтте дала төсі шабандоздардың қиқуы мен тұлпарлардың дүбіріне толып кетті. Шашасына шаң жұқпай, оза шауып мәреге алдымен жеткен жүйріктерге Көкпекті ауднының бас имамы Дүйсен Нұрнәсір мешіт атынан сыйлықтар табыс етті.

«Ел Тәуелсіздігінң 30 жылдығына орай ұлттық ат спортын қолдау, салауатты өмір салтын насихаттап, жастардың ұлттық спортқа деген қызығушылығын ояту мақсатында осы бәйгені ұйымдастырып отырмыз. Ауданға белгілі ат бапкерлері жүйріктерін мешітіміз ұйымдастырған аламанға қосты» деп атап өтті Нұрнәсір Дүйсенұлы өз сөзінде.

Шараны тамашалауға жиналған көрермендер бәйгенің қызықты өткенін айтып, аламанды ұйымдастырған аудан мешітіне алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру