Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Рухани кеш Құранға арналды

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 02.03.2021 3693 0 пікір
Шымкент: Рухани кеш Құранға арналды

Шымкент қаласындағы «Айқап» мешітінде қалалық Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Құран әліппесін оқып бітірген шәкірттерге арналған «Ғаламның нұры – Құран» құттықтау кеші өтті.

Рухани кешті ҚМДБ Шымкент қалалық Әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан Асылханқызы ашып, қаланың бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының құттықтау сөзін жеткізді.

Кеште әуелі Құран оқылып, артынан Құран оқудың ерекшеліктері айтылды. Сонымен қатар иләһи әндер айтылып, «Құран мен әліппенің әңгімесі» атты көрініс және Құран жайлы өлең жолдары оқылды. Кеш соңында шәкірттерге сыйлықтар беріліп, бастарына тәж кигізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру