Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНДЕГІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі muslim.kz 01.03.2021 2646 0 пікір
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНДЕГІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Бүгін, көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күніне орай республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

«Жылы жүректен» деген атаумен өткен игі шара «Сауап» белсенділер тобы мен Алматы ауданы әкімдігінің атсалысуымен 30 мұқтаж отбасыға азық-түлік сөмкелері таратылды.

Игі шараға «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар Садырханов, Алматы ауданы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрболат Жакупов, «Сауап» белсенділер тобының мүшесі Абзалбек Сұлтанбек мырзалар қатысып, бүгінгі мерекелі күнге орай ізгі тілектерін білдірді. Жамағатпен бірге дұға жасалып, үлкендер жағы ақ батасын арнады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру