Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Бас имам Ұланда жиын өткізді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 01.03.2021 2096 0 пікір
ШҚО: Бас имам Ұланда жиын өткізді

ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында болды. Бас имам аудандық «Мұса баба» мешітінде дін қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Басқосуда ҚМДБ-дан бекітілген жеті бағыт және Республикалық имамдар форумында қабылданған бірқатар құжаттарды таныстырылды.

«ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы негізгі жұмыстың жеті бағытын бекітті. Біздің әр бағыт бойынша уақытылы есеп беріп, іс-шараларды жүйелі атқаруымыз маңызды. Сонымен қатар қабылданған құжаттарды халық арасында барынша насихаттаумыз керек» деді Е.Қасболатұлы.

Бас имам сонымен қатар өкілдіктің биылғы атқаратын іс-шаралары жайлы да айтып өтті. Сонымен қатар имамдарға «ҚМДБ қызметкерлерінің қызметтік әдебін» барынша сақтауды тапсырды.

Жиында «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат ету мәдениеті» құжаттары кітапша ретінде халыққа таратуға ауылдық мешіттің имамдарына берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру