Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Насихат жоспары бекітілді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 01.03.2021 713 0 пікір
Түркістан: Насихат жоспары бекітілді

Түркістан облысы бойынша діни оңалту ісімен айналысатын мобильді топ құрамы мен «Ихсан ілімін» насихаттауға жауаптылар сайланды.

Облыстық мешітте өткен жиналыста ҚМДБ 7 бағытының бірі «Ихсан ілімін» жаңғырту жоспары бекітілді. Күн тәртібінде 8 мәселе қаралды.

Рухани тәлім-тәрбиелік мәні бар шағын кітапшалар шығару, мақалалар жазу, аудармамен айналысу, жамағаттармен рухани кездесулер ұйымдастыру, бен онлайн уағыздау жұмыстары пысықталды. Ихсан ілімін насихаттау облыс бойынша қарқын алып келеді. Тақырыптар мен дәріс атаулары таратылды.

Жұмыс жүйелі атқарылуы үшін ай сайын есеп алынып, тоқсан сайын қорытындылау мәжілістері өтеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі