Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елордада «Теңбіл доп-2021» турнирі өтті (ФОТО)

Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі ummet.kz 01.03.2021 2292 0 пікір
Елордада «Теңбіл доп-2021» турнирі өтті (ФОТО)

ҚМДБ Жастар ісі секторының жоспарына сәйкес «Нұр-Сұлтан өкілдігі Нұр Астана» мешітінің ұйымдастыруымен елорда мешіттерінің жамағаты арасында кіші футболдан «Теңбіл доп-2021» турнирі өтті.

Сайысқа ҚМДБ-ның «Muftyat» командасы, Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Сапсан» командасы және Нұр-Сұлтан қаласының басқа да мешіттері атынан 12 команда қатысты. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, атаулы шараның жамағатты бірлікке, татулыққа шақырудағы және салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңыздылығына тоқталып өтті.

Топтық кезеңнен 4 команда суырылып шығып, өз араларында жартылай финал және финалдық кездесулерді өткізді. Нәтижесінде «Раиса ана» мешітінің «Раиса» командасы қарсылас шақ келтірмей бас жүлдені жеңіп алса, финалда ғана сүрінген «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Сұлтан» командасы жүлделі ІІ орынды еншіледі. Ал ІІІ орынға «С.Ғылмани» мешітінің «Қыран» командасы лайық деп танылды.

Сонымен қатар командалар арасында «Ең үздік қақпашы» мен «Ең үздік ойын көрсеткен шабуылшы» номинациясы бойынша мықтылар анықталды. Жүлделі орындарға ие болған командаларға арнайы сыйлықтар мен диплом-сертификаттар табысталды.

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру