Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Мұнайлы ауданына жаңадан бас имам тағайындалды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 26.02.2021 2620 0 пікір
Маңғыстау: Мұнайлы ауданына жаңадан бас имам тағайындалды

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында орналасқан «Миғраж» мешітіне Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешіті мәртебесі беріліп, ғибадат үйінің бас имамы болып Баймұқанов Руслан Сағынтайұлы тағайындалды.

Жұма намазының алдында ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы жақында ғана Маңғыстау ауылында ашылған «Миғраж» спорт кешенінің құрылысына қол ұшын беріп, үлкен қолдау білдірген ақсақал ағамыз Бақытжан Әзизұлына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан шапан жауып, сыйлық табыстады.

Бұдан бөлек, Әнуар Ізімбайұлы жаңа имам Руслан Сағынтайұлын Мұнайлы жамағатына таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқып берді.

Жұма намазынан кейін бас имам Әнуар Ізімбайұлы еліміздің амандығы, жұртымыздың тыныштығы мен кемел болашағы үшін дұға етіп, жаңадан тағайындалған имамның қызметіне табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру