Имамдардың IV республикалық онлайн форумында қабылданған «Зират және зиярат мәдениеті» құжатын таныстыру мақсатында Теміртау орталық мешітінде алқалы жиын өтті.
Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының төрағалығымен өткен жиынға қалаға қарасты мешіттер имамдары, ұстаздары мен қызметкерлері қатысты.
Жиында сөз алған Естай Айтуғанұлы: «ҚМДБ-ның бұл құжатты қабылдаудағы басты мақсаты – еліміздің түкпір-түкпірінде зират көтеру мәдениетіне қатысты ұстанымдарды, әсіресе теңдік ұстанымы мен құлпытас қою мәдениетін, сондай-ақ зиярат жасаудың әдебін қалыптастыру. Осыған байланысты біз жергілікті жамағатқа аталмыш құжатта көрсетілген барлық ұстанымдарды дұрыс әрі толық түсіндіріп, жеткізуіміз қажет», – деп атап өтті.
Алдағы уақытта жергілікті дін қызметкерлері аталмыш құжат бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
25.02.2021
2922
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру