Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Бас имам медресе құрылысымен танысты

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 24.02.2021 724 0 пікір
ШҚО: Бас имам медресе құрылысымен танысты

ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылына жасаған сапарында салынып жатқан медресе құрылысымен танысты.

Бұл ғимаратты салу жұмысы былтыр қасиетті Рамазан айында басталған болатын. Бас имам ғимараттың құрылыс шаруаларымен таныса келе:

«Өңірде діни мамандар тапшылығын шешу мақсатында шағын медресе құрылысы аяқталуға жақын. Бұл іске ауыл халқы мен белсенді азаматтар ат салысып жатыр. Тарбағатай жері бұрыннан ата дініміздің алтын арқауы үзілмеген өлке болғандықтан асыл дініміздің оқу орны болуы маңызды. Жұмысы бұйырса жоспарлаған уақытта аяқталады» деп атап өтті.

Ермек Қасболатұлы сонымен қатар ғимараттың сапасы, шәкірттерге қолайлы болуы аса маңызды екендігін басты назарда ұстауды тапсырды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмысы аяқталып, әрлеу шаруалары жасалуда.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі