Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: 100 отбасыға көмек көрсетілді

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 24.02.2021 440 0 пікір
Алматы: 100 отбасыға көмек көрсетілді

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен республикалық «Тайқазан» жобасы аясында «Кең болсаң, кем болмайсың» қайырымдылық марафоны Алматы қалалық Орталық мешітінде жалғасын тапты.

Бұл игі шараға Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Бауыржан Әлиұлы, «Зекет» қорының мүшесі Абдрахманов Төлеген, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Мадияр Пірімқұлов қатысты. 

Игі шара барысында сөз алған қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай, ең алдымен, қайырымдылық марафонының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ карантиндік кезеңде мұқтаж отбасыларға қол ұшын беріп, жақсылыққа жаршы болған барша жомарт жандарға алғыс білдірді.   

Содан қайырымдылық себеттері мұқтаж жандардың үйлеріне имамдар мен еріктілердің көмегімен арнайы көліктерде жеткізіп берілді.  

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі