Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Бас имам студенттермен кездесті

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 24.02.2021 2106 0 пікір
Қостанай: Бас имам студенттермен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Ихсан және Жастар» тақырыбында рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Аталған жүздесуге Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері шақырылды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында діни экстремизмге жол бермеу. Сондай-ақ «Діни білімді қаңдай жерлерден алу керек?», «Ихсан дегеніміз не?» деген сұрақтарға жауап берілді.

Жиынға Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет, Жастар ісі секторының өңірдегі жауапты өкілі Әлішер Ертайұлы мен облыстық мешіттің наиб имамы Әбдіқаһар Садықұлы жастарға тағылымды насихат айтты.

Студентжастар кездесу соңында имамдар мен ұстаздарға көкейде жүрген сауалдарын қойып, оған нақты жауап алды. Оларға облыстық мешіт атынан сыйға кітап берілді. Сонымен қатар, студенттер мешіт ғимаратымен танысты.

Имамдар маңызды басқосудың өтуіне қолдау көрсеткен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры Алма Іргебайқызына алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру