Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: «Әйел-қыздар» секторы семинар-тренинг өткізді

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 22.02.2021 332 0 пікір
Алматы: «Әйел-қыздар» секторы семинар-тренинг өткізді

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Алматы Орталық мешітінде "Деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. 

Бұл басқосуға Алматы Орталық мешітінің ұстаздары Талғат Сапанов пен Айнұр Игілікова, «Заря восток» мешітінің ұстазы Лейла Раясқызы және қала мешіттерінің әйел ұстаздары қатысты.  

Жиында алғаш сөз алған ұстаз Талғат Сапанов Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқайдың ыстық сәлемін жеткізіп, «Әйел-қыздар» секторының бес жылдық мерейтойымен құттықтады. Сондай-ақ, мешіттердегі уағыз-насихат жұмыстарын жүргізудегі әйел ұстаздардың рөлі мен жат ағымның алдын алудың маңыздылығына тоқталды. 

Содан кейін Алматы Орталық мешітінің ұстазы Айнұр Игілікова «Әйел қыздар» секторының бес жылда атқарған жұмыстарының қорытынды есебін оқып, 2021 жылдың жоспарын кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар әйел ұстаздардың әлеуметтік желілерде уағыз-насихат айтуы және онлайн сабақтар жүргізу тәртібімен таныстырды. 

Ал «Заря восток» мешітінің ұстазы Лейла Раясқызы "Деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу» тақырыбында дәріс оқып, жат ағыммен күрес бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. 

Білікті маманға мешіт ұстаздары толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Семинар соңында мешіт ұстаздарына арнайы тапсырмалар беріліп, іс-шаралар жоспары бекітілді. 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі