Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің «Әйел-қыздар» бөлімі «Отбасы берекесі» атты іс-шарасын өткізді. Оның барысында көрермендер арасында 3 қатысушы таңдалып алынды.
Олар шара аясында «таныстыру», «кеспеге арналған қамыр илеу», «қамырды жаю», «кеспеге арнап кесу», «өз өнерімен бөлісу» сынды кезеңдерде өзара мықтыны анықтады. Сондай-ақ аталмыш шараға келген жандар арасында да сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылды. Іс-шараның қорытындысы бойынша үздік атанғандар грамоталармен марапатталды. Айта кетейік, осы сынды сайыстар алдағы уақытта да өткізіледі.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі
qyzyljarmeshit.kz
22.02.2021
2626
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру