Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Имамдар семинарға қатысты

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 21.02.2021 2181 0 пікір
Қызылорда: Имамдар семинарға қатысты
Қызылорда облысының дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде қала имамдарына арналған семинар өтті.
 
«Мемлекет дамуының зайырлы қағидаттарын нығайту мәселелері» тақырыбында өткен шараның мақсаты – теріс ағымның алдын алу және онымен күрес жұмыстарын күшейту. Семинарға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Ерсұлтан Есов пен дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Жеңісбек Дәрібаев қатысып, заман талабына сай үнемі даму процесінде жүру қажеттігін екенін жеткізді.
 
Жан-жақты қамтылған семинардың жоспарына сәйкес, психолог маман мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкерлері діни мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мәселелері, зайырлы қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық мәселелер турасында баяндама жасап, еркін сұхбат аясында сұрақтарға жауап берді.
 
 
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру