«Құран – күллі ғылымның атасы» деген атпен Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде білім сайысы өтті.
Шараның негізгі мақсаты – жастардың діни білімін жетілдіріп, теріс ағымның арбауынан сақтау. Мешіт жамағаты арасында өткен жарысқа 18 үміткер қатысты. Сайыс тест және ауызша сұрақ түрінде болды. Қатысушылар мен көрермендерге арнайы дастархан жайылып, «Білім әрбір адамның жоғалтқан қазынасы» тақырыбында наиб имам Ерлан Жәдігерұлы ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізді.
Сайыс нәтижесі бойынша 1-орынды Мадияр Раев жеңіп алса, 2-орын Дінмұхаммед Раевқа бұйырды. Ал 3-орынды Нұрдәулет Аймағанбетов пен Санжар Жұбатқанов иеленді. Жеңіс тұғырынан көрінген жастарға қаржылай жүлде берілсе, өзге қатысушыларға ынталандыру сыйлықтар тарту етілді.

















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
21.02.2021
2582
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру