Діни оңалту жұмысын одан әрі жандандырып, тың жобаларды жүзеге асыру үшін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Түзету мекемелерінде діни оңалту жұмыстарын жүргізудің тиімді механизмдері» атты облыстық семинар өтті.
Семинарды «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы, РАНТ мүшесі Мақсатбек Қайырғалиев жүргізді. Қарағанды облысына қарасты Діни оңалту бөлімінің мамандары бас қосқан жиынға Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы Дулат Қанышұлы, Қарағанды облыстық конфессияаралық қатынастар проблемаларын зерттеу және талдау орталығының бөлім басшысы Дулат Төлегенов қатысты.
Жиын барысында облыстық бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы: «Діни басқарманың негізгі жұмыс бағытының бірі – деструктивті діни ағымның арбауында кеткен азаматтарды оңалту, оларға діни кеңес беріп, түсіндірме, насихат жұмыстарын жүргізу. Бұл жиын бөлімнің жұмысына жаңа серпін береді», – деп атап өтті
Семинарда Діни оңалту бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Асылхан Нұртайұлы семинарға қатысушыларға түзету мекемелерінде жүргізілетін жұмыс түрлері мен діни оңалту бағыты бойынша биыл атқарылатын жұмыстарға шолу жасап, бұл бағыттағы жұмыстарды барынша жандандырып, назарда сақтау керектігін айтты.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
20.02.2021
2473
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру