Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: 600 отбасыға көмек көрсетілді

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 20.02.2021 2525 0 пікір
Шымкент: 600 отбасыға көмек көрсетілді

ҚМДБ-ның «Әр аптаға – бір шара» жобасы аясында Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты «Нұр-төбе», «Халифа Омар», «Қождан ата», «Дін Ислам», «Темірші ата» мешіттерінің ұйытқы болуымен «Қайырымдылық – қадірлі іс», «Мейірімдік ізгілік жолы» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Абай аудандық «Нұр-төбе» мешітінің бас имамы Бердалы Жәміш қатысып, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, қасиетті Ережеп айымен құттықтады.

Қайырымдылық шарасы барысында Абай ауданындағы мешіттерге  тіркелген көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі, мұқтаж жандардың үйлерін аралап, тұрмыс-жағдайын біліп, жалпы көмекке мұқтаж 600 отбасыға азық-түлік (ұн, май, қант, шай, макарон, күріш, түрлі тәттілер т.б) берілді. 

Өз кезегінде олар әрдайым мұқтаждың мұңын бөлісіп, қаржылай қолдап жүрген қайырымды азаматтарға алғыс айтып, өмірі мен қызметіне береке тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру