Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Түлектер мешітке жиһаз сыйлады

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 20.02.2021 2695 0 пікір
ШҚО: Түлектер мешітке жиһаз сыйлады

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Көкжайық ауылдық мешітіне ауылдың түлектері ерекше сый жасады.

Мешіт жамағатына діни дәріс алуға қолайлы болу үшін ауылдың дінге жанашыр азаматтары, түлектер бірлесіп, имам мінбері мен парталарды мешітке тарту етті.

Бұл туралы Көкжайық ауылдық мешітінің бас имамы Серік Ахметжанов : «Түлектерміз мешіт пен мектепке қолдау көрсетіп жатыр. Бұл – өте қуанышты жаңалық. Ең бастысы имандылыққа, білімге қол ұшын беріп жатқан азаматтарға алғысым шексіз» деп атап өтіп азаматтарға алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру