Ақтөбе облысы Ырғыз ауданына қарасты Құрылыс ауылдық мешітінде апатты жағдай болған еді. Атап айтқанда, ауылда электр қуатының сөніп қалуына байланысты мешіттің жылу батареяларында су қатып, жарылып кеткен болатын.
Қашан да Алла үйінің жағдайына жанашырлықпен қарайтын аудан және ауыл халқы бұл жолы да 250 000 теңге қаражат жинап берді. Нәтижесінде, мешіттің жылу жүйесі толықтай жаңартып, заманауи жылу қондырғысы құрылды.
Ырғыз аудандық мешітінің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы мен наиб имам Ақылбек Идаятұлы ауыл тұрғындарын игілікке жұмылдырды. Сонымен қатар аудандық мешіттен артылған кілемдер де ауыл мешітіне төселіп, мешіт жайнамазы түгелдей жаңаланды.
Рухани ордаға қол үшін созған жамағатқа алғысымыз шексіз! Алла сауаптан жазсын дейміз!


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
20.02.2021
2499
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру