Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Береке ауылында мешіт ашылды

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 19.02.2021 2319 0 пікір
Павлодар: Береке ауылында мешіт ашылды

Жақында Павлодар облысы, Ақсу ауданына қарасты Береке ауылында жаңадан мешіт ашылды.

Мешіттің ашылу рәсіміне облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы, Ақсу ауданының бас имамы Омаров Әбдімүтәли және ауыл әкімі, ауыл халқы қатысып, ақсақалдар мен ақжаулықты әжелер бата берді. Шашу шашылып, құттықтау сөз сөйленді. Сонымен қатар мешітте алғашқы бесін намазы оқылып, намаз алдын ғибратты уағыздар айтылды.

Облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы ауыл халқына мешіттің маңызы мен мәні, құлшылық парыздары туралы уағыздар айта келе, жаңадан ашылған Алла үйінің іші жамағатқа толып, болашақ жастардың жүрегіне иман нұрын ұялататын құтты орын болуын тілеп, дұға жасап, мешіт ғимаратының тұрғызылуына үлес қосқан демеушілер мен құрылысшыларға алғыс білдірді.

Бұл – облыстағы 95-ші мешіт. Оның жалпы аумағы – 0,15 га. Мешіттің жалпы алаңы – 206,7 м2, ал намаз оқитын залы – 132 м2.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру