Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талғардағы «Қайырымды жұма» акциясы

Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 19.02.2021 3091 0 пікір
Талғардағы «Қайырымды жұма» акциясы

Қасиетті жұма күніне орай Алматы облысы Талғар орталық мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық акциялары жалғасуда.

«Қайырымды жұма» шарасы аясында Талғар-Алматы бағытында жүретін қоғамдық көлік бір күн бойы жолаушыларды тегін жеткізуде. Сондай-ақ Талғар қаласындағы «Нығмет» мешіті, Береке ауылдық мешіті, «Гүлахмет ата» мешіті, «Шариф мешіті» әр жұма күні әлуметтік аз қамтылған ауыл тұрғындары үшін дүкендерде тегін нан мен сүт таратып келеді.

Осы орайда жұма күнінің қадір-қасиетін ұлықтау мақсатында Діни басқарма тарапынан қолға алынған «Қайырымды жұма» акциясы қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасын тауып жатқанын айта кету керек.

Талғар ауданының имамы Қажымұхан Қамбарұлы бұл игі бастама аудан көлемінде ұдайы жалғасып тұратынын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру