Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Мешіттердің тазалығы басты назарда

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 19.02.2021 2402 0 пікір
Қостанай: Мешіттердің тазалығы басты назарда

Қазіргі таңда Қостанай облысына қарасты барлық мешіттерде карантин талаптарын сақтай отырып, бес уақыт намаз оқылуда. Осыған орай облыстық мешіт имамдары арнайы тексеру комиссиясын құрып, мешіттердің жағдайымен танысуда.

Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітіне арнайы барып, ондағы санитарлық нормалардың сақталуына және мешіт қызметкерлерінің бетпердені ұдайы тағып жүруіне айрықша назар аударды. Сонымен қатар намаз оқитын орынның белгіленуін қадағалап, қызметкерлерге нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, облыстың бас имамы Рудный қалалық «Нұр» мешітінде де болды. Ол осынау мешіттің қызметкерлерімен кездесу барысында тазалық пен тәртіптің сақталуын талап етті.

Ал облыстық мешіттің наиб имамдары Дархан Манарбекұлы және Әлішер Ертайұлы Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл мешіттің бас имамы Шоқан Ғазизұлы өздерінде тындырылып жатқан игі мақсаттағы істер жайлы баяндады. Намазхананың тазалығына ерекше көңіл бөлінетіндігін тілге тиек етті.

Әңгімеге арқау болған Қостанай қалалық мешіті жолдың бойында орналасқандықтан киелі орынның жертөле қабатында жолаушыға арналған бөлме ашылған екен. Ол жерде жолаушыларға қажетті дәрі-дәрмек, ыстық шай, жылы су, бетперде, тегін интернет желісімен жабдықталған.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру