Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Құран ғылымдарына арналған семинар өтті

azan.kz 18.02.2021 2715 0 пікір
Алматы: Құран ғылымдарына арналған семинар өтті

Алматы қаласындағы «Абдулла» мешітінде имамдардың білімі мен біліктілігін арттыруға арналған «Құран Кәрім ғылымдарына кіріспе» атты семинар-тренинг өтті.

Бұл басқосуға Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Алматы орталық мешітінің ұстазы Талғат Сапанов, Түрксіб ауданының бас имамы Саттарқұл Мейрман, Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы, PhD доктор Құрманғазы Садыбаев және қала мешіттерінің ұстаздары қатысты.

Жиында алғаш сөз алған бас имам Еркінбек Шоқай білім семинарының маңыздылығы мен Құран ілімдерінің ерекшелігіне тоқталды. Сондай-ақ мешіт ұстаздарына уағыз-насихат пен оқу-ағарту жұмыстарын жандандыруға, еңбек тәртібі мен қызметтік әдеп нормаларын сақтауға, имамдар форумы мен Төралқа жиналысында қабылданған құжаттарды жамағат арасында кеңінен насихаттауға шақырды.

Содан кейін Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы Құрманғазы Садыбаев Құран аяттарының сырлары туралы семинар өтізіп, имамдарға тәпсір саласының қызықты тұстарымен бөлісті. Құран ғылымдарының маманына мешіт ұстаздары толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру