Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: «Ардагерлер үйінде» 3 құжат таныстырылды

Алматы өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 18.02.2021 2549 0 пікір
Талдықорған: «Ардагерлер үйінде» 3 құжат таныстырылды

Алматы облысы Сарқан аудандық «Ардагерлер» үйінде жергілікті имамдар мен қазыналы қариялардың басын қосқан алқалы жиын өтті.

Жиынға ЖАНТ мүшелері – Талдықорған өңірінің наиб имамы, қалалық «Тәубе» мешітінің имамы Керімбек Сәрсембайұлы, Талдықорған өңірінің бойынша наиб имамы, қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Алмас Данағұлов, Сарқан ауданының бас имамы Асқар Серікбек қатысты.

ЖАНТ мүшелері жиында былтыр имамдардың ІV республикалық онлайн-форумында қабылданған «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті», «Зияткер имам» құжаттарын Сарқан жұртшылығына таныстырып, ардагерлердің пікірін тыңдады.

Аталған құжаттар Талдықорған қаласынан бөлек, Көксу, Қаратал тұрғындарына да таныстырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру