Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: «Халал даму» өкілі тағайындалды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 18.02.2021 3401 0 пікір
Атырау: «Халал даму» өкілі тағайындалды

Қайрат Аманжол «Халал даму» мекемесінің Атырау облысы бойынша жауапты өкілі болып тағайындалды.

Жаңа өкілді атыраулық имамдарға Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы таныстырды.

Қайрат Аманжол – тағамтану саласында ұзақ жыл тәжірибе жинақтаған маман. Ол әр жылдары Алматы ашытқы зауытының Оңтүстік Қазақстандағы өкілі, «Тенгри Фуд Групп» ЖШС көтерме тамақ сауда саласында, «Содексо Қазақстан» ЖШС франциялық тамақтандыру компаниясында қызмет еткен.

Ал бұған дейін «Халал даму» мекемесінің Атырау облысы бойынша жауапты өкілі қызметін атқарған Эммат Ғұмаровқа алғыс хат табыс етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру